Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
— Жаратқан Ие бізді бұл елге неге алып келе жатыр екен? Сол жерде біз семсерден қырыламыз, әрі әйел, бала-шағамыз жауға олжа болмақ. Одан да Мысырға қайта оралғанымыз жақсы емес пе!» — Олар бір-біріне: «Кәне, басшы таңдап алып, Мысырға қайта оралайық!» — десті. Мен сендерге: «Енді бұдан былай бұл жолды ешқашан да қайтып көрмейсіңдер!» деген едім, бірақ Жаратқан Ие сендерді кемемен дәл сол жаққа: Мысыр еліне қайтадан жібереді. Сол жерде дұшпандарыңа құл не күң ретінде сатылмақ болсаңдар да, сендерді сатып алатын ешкім болмайды. Сүлейменнің төрт мың жылқыға арналған қоралары әрі он екі мың жылқысы болды. Бағалға бағышталған бағананы сыртқа алып шығып, өртеп жіберді. Осылайша Еху Исраилден Бағалға табынушылықты түп-тамырымен жойды. Бұл халықтың жері алтын-күміске кенелген. Қазынасының шегі жоқ, мінетін аттары мен соғыс күймелері де сансыз көп. Мысырға ылдилап барып, көмек сұрағандар қасіретке қалады! Олар Мысырдың көптеген аттары мен соғыс күймелеріне әрі сондай мықты салт аттыларына сенім артады, ал Исраилдің Киелі Құдайы — Жаратқан Иеге бет бұрып сиынбайды. Алайда Иерусалим патшасы Мысырға елшілерін жіберіп, сол елден көп жылқы мен қалың әскер сұрауы арқылы Бабыл патшасына қарсы бас көтерумен болды. Ол енді табысқа жете ме? Мұндайды істеген адам аман-есен қала ма? Антын бұзған адам аман-сау құтыла ма? Маған қайта оралудан бас тартқан соң, халық енді Мысыр еліне қайта оралмай ма? Ассур оларға патшалық құрмай ма?
Выбор основного перевода