Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал егер малдың ақсақтық немесе соқырлық сияқты бір кемістігі болса, онда оны Құдайларың Жаратқан Иеге құрбандыққа ұсынбаңдар! Құрбандыққа шалуға соқыр малды әкелесіңдер, бұл сұмдық емес пе?! Ақсақ не ауру мал әкелсеңдер, бұл да сұмдық емес пе?! Сондайды әкіміңе (салық ретінде) ұсынып көр! Ол соған риза болып саған оң көзімен қарар ма екен? — деп ескертеді Әлемнің Иесі. Сондай-ақ: «Қандай ауыр жүк!» деп, оны менсінбей мұрындарыңды шүйіре иіскейсіңдер, — дейді Әлемнің Иесі. — Сендер ұрлап алынған, жараланған, ақсақ не ауру малды әкеліп, оны Маған арнап құрбандыққа шалғандарыңда, неліктен Менің сондай сый-тартуды қолдарыңнан қабылдауым қажет? — деп сұрайды Жаратқан Ие.
Выбор основного перевода