Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Елді мекендеріңде тұратын леуіліктерді ұмытпай қамқорлаңдар. Себебі оларға араларыңда мұралық жер үлестірілген жоқ. Керісінше, оған шын көңілмен, жомарттықпен көмектесіңдер! Осылай істегендерің үшін Құдайларың Жаратқан Ие сендерді қолға алған барлық іс-әрекеттеріңде жарылқайтын болады. Егістігіңнен өніміңді жинап жатқанда, масақтың бір бумасын ұмытып кетсең, оны алу үшін қайтып барма. Соны жат жұрттықтар мен жетім-жесірлерге қалдыр! Сонда Құдай Иең қолға алған барлық іс-әрекеттеріңді жарылқайтын болады. Ал үшінші жыл — өнімнің арнайы он бөлігінің бірін беретін жыл. Сондықтан сол жылы өніміңнің он бөлігінің бірін бөліп қойып, оны леуіліктерге, жат жұрттықтар мен жетім-жесірлерге беріңдер. Елді мекендеріңде тұрып жатқан олар да соны жеп тойынсын. Жаратқан Ие Өзінің «игілікті қазынасын», яғни «аспанның қақпаларын», ашып, еліңе мезгілінде жаңбыр жаудырып, қолға алған барлық іс-әрекеттеріңді жарылқайтын болады.Сендер көп халықтарға қарыз беріп, өздерің ешқайсысынан қарыз алмайсыңдар. Жарлының қамын ойлайтын жан бақытты!Ауыр күнде Иеміз оны құтқарады, Жарлыны қамқорлаған — Жаратқанға қарыз бергені,Игі ісінің сауабын Жаратқан қайтып береді. Киелі үйімде әрдайым тамақ болуы үшін қоймама өнімнің он бөлігінің бірін толықтай алып келіңдер! Менің не істейтінімді осы арқылы сынап көріңдер! — деп ұсынады Әлемнің Иесі. — Сонда Менің аспаннан мол жауын-шашын жаудырып, сендерді жарылқауымның ағыл-тегіл болатыны соншама, оның бәрін жайғастыратын орындарыңның да болмай қалғанын көресіңдер!
Выбор основного перевода