Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
әрі денелеріңнің терісін тілгілеп жарақаттап, инемен таңба да салмаңдар! Мен Жаратқан Иемін. Діни қызметкерлерге не шашын тақырлап алғызуға, не сақалының шеттерін қырқып қысқартуға, не денесінің терісін тілгілеп жарақаттап таңба салуларына да болмайды. Көк пен жер, ден қойып тыңдаңдар, Жаратқан Ие сөйлеп тұр. Ол былай дейді: «Мен балалар асырап алып, өсірдім. Алайда олар Маған қарсы шығып, бас көтерді. Осы елдің ұлығы да, қарасы да құриды. Олар қабірге қойылмай қалады, ешкім аза тұтып жоқтамайды да. Олардың өлгенін жоқтап, өз денелерін тілгілеп жарақаттап, шашын тақырлап алып тастайтын да ешкім болмайды. Сихем, Шило және Самариядан жолға шыққан сексен адам Миспаға таяп келді. Олар (елдің басына түскен ғаламат пәлеге қатты қайғырып) сақалдарын қырқып, көйлектерінің өңірін айыра жыртып, денелерінің терісін тілгілеп жарақаттап алған еді. Бұл адамдар Жаратқан Иенің Иерусалимдегі киелі үйінің орнына бармақ болып, өздерінің астық тартулары мен хош иісті заттарын алып келе жатты. Бірақ болашақта Исраил халқының саны теңіз жағалауындағы санаса сан жетпейтін құм түйіршіктеріндей қисапсыз көп болады. Оларға «халқым емессіңдер» делінген жердің өзінде олар енді «Мәңгі тірі Құдайдың рухани балалары» деп аталады. Киелі Рух Құдайдың рухани баласы екенімізді өз рухымызға растайды. Олай болса, Ыбырайымның кіндігінен тараған балалардың бәрі емес, тек Ысқақ сияқты Құдайдың уәдесі бойынша дүниеге келген үрім-бұтағы ғана нағыз ұрпағы деп есептеледі. Және: «Олар «халқым емессіңдер» делінген жердің өзінде енді «мәңгі тірі Құдайдың рухани балалары» деп аталады». Өйткені барлығың Иса Мәсіхке деген сенімдерің арқылы Құдайдың рухани баласысыңдар.
Выбор основного перевода