Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4
Параллельные места
екеуі тағы да ішіп-жеумен болды. Содан соң келіншектің әкесі: «Өтінемін, осы түнде де қонып, көңіл көтерсеңші!» — деді. Содан соң әлгі адам, оның кәнизагы және қызметшісі жолға жиналғанда, қайын атасы оған: «Қарашы, күн батуға жақын, кеш түсіп-ақ қалды. Түнесеңдерші. Міне, кеш түсіп бара жатыр. Осында түнеп, көңіл көтер. Сендер ертең таң сәріде жолға шығарсыңдар», — деді. Олар көңілдері жайланып тым жақсы отырған кезде, қаланың азғын-сұмырайлары жиналып, сол үйді қоршап, есігін тоқпақтай берді. Үй иесі қариядан олар:— Үйіңе түскен кісіні бері алып шық, онымен жақындасып көрейік! — деп талап етті. Ал Абессалом өзінің қызметшілеріне мынандай бұйрық беріп қойған болатын:— Бері қараңдар! Амнон шарапқа тойып, қызып алғанда, мен: «Амнонды шауып тастаңдар!» деп бұйырамын, сонда оны шауып өлтіріңдер! Қорықпаңдар, бұны сендерге бұйырып отырған өзіммін! Батыл да ержүрек болыңдар!
Выбор основного перевода