Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4
Параллельные места
Сонда Боғоз:— Егер сен Нағимадан жерді сатып алсаң, онда марқұмның моабтық жесір келіні Руттың әмеңгері болып соған үйленесің. Рут ұлды болғанда тұңғыш ұлы марқұмның ұрпағы деп есептелініп, мұралық жер үлесін сол иемденбек, — деді. Содан ол: — Исраилдің Құтқарушысы — мәңгі тірі Жаратқан Иенің алдында шын айтамын: осы күнәні жасаған әркім, тіпті өз ұлым Жонатан болса да, өлуге тиіс! — деп ант етті. Бірақ бүкіл жасақтағы бірде-бір адам үндемеді. Бірақ Дәуіттің Риммонның ұлдары Рехап пен Бағанахқа берген жауабы мынау болды:— Менің жанымды барлық жауларымнан аман сақтап келген мәңгі тірі Жаратқан Иенің алдында шын айтамын: Дәуіт сол байға қатты ашуланып, Натан пайғамбарға:— Мәңгі тірі Жаратқан Иенің алдында шын айтамын: мұны істеген адам өлімге лайық! Ілияс Елішеге:— Қалшы осы жерде, Жаратқан Ие мені Бетелге жіберіп отыр, — деді. Бірақ Еліше:— Мәңгі тірі Жаратқан Иенің алдында және сіздің алдыңызда шын айтамын: Мен сізді еш тастамаймын! — деп жауап қайтарды. Содан екеуі Бетелге ылдилап барды. Иеміз алдында да, адамдар алдында да адал жүруге тырысамыз.
Выбор основного перевода