Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жамандықтан бас тартып, жақсылықты жасаңдар,Татулыққа ұмтылып, сол үшін күш салыңдар! Себебі Жаратушы әділдікті қалайды,Өзіне бағышталған жаннан бас тартпайды.Сондайды Ол мәңгі аман-есен сақтайды,Ал сұмның ұрпағы қырғынға ұшырайды. Иеміз Өзін сүйетіндердің бәрін қорғайды,Ал барлық зұлымдарды Ол талқандайды. Ақиқат жолын Тәңір Ие назарында ұстар,Өзіне бағышталғанның жолын аман сақтар. Жаратқанды қастерлеп, мойынсұну,Бұл — жамандық атаулыны жек көру.Жек көремін мен паңдық пен менмендікті,Жаман іс-әрекет пен бұрма сөзді. Сонда Набуходоносор дауыстап былай деді:— Шадырақ, Мисақ, Әбдінего сиынған Құдай мадақталсын! Ол періштесін жіберіп, Өзінің қызметшілерін құтқарып алып қалды. Олар өздері сиынған Құдайға толық сенім артып, өзге тәңірге ғибадат етіп табынудан бас тартты, әрі патшаның бұйрығына бағынбай, тіпті өмірлерін қиюға да дайын болды! Зұлымдыққа емес, жақсылыққа ұмтылыңдар! Сонда тірі қаласыңдар және өздерің жиі айтатындай, Жаратқан Ие, Әлемнің Әміршісі Құдай, сендерге жар болады. Зұлымдықты жек көріп, жақсылық жасауды ұнатыңдар! Қала алаңында сот жүргізгенде әділдікті орнатыңдар! Сонда Жаратқан Ие, Әлемнің Әміршісі Құдай, Жүсіптің үрім-бұтағының тірі қалғандарына рақымды болатын шығар. Петір өзіне-өзі келгеннен кейін: «Иеміздің періштесін жіберіп, мені Иродтың қолынан және яһуди халқы күткеннің бәрінен құтқарғанын енді шынымен біліп тұрмын», — деді. Сүйіспеншіліктерің адал болуы керек. Жамандықты жек көріп, жақсылықты берік ұстаныңдар.
Выбор основного перевода