Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Зұлымдар неге әлі де өмір сүріп, тіпті көп жасайды? Күш-қуаттары неліктен барған сайын өсе береді? Олар шөп сияқты жылдам солады,Көк шөптей тез қурап, өліп қалады. Бірақ заңсыздар түгел құртылады,Сұмдардың болашағы қырғын болады. Ал бір мыңжылдық Сенің көз алдыңдаӨте шыққан күн тәрізді қып-қысқа,Иә, түнгі күзеттей шектеулі ғана. Бірақ мол сулардың қатты шуылынан гөрі,Теңіз жағасына соққан толқындардан гөріКөктегі Жаратқан Иенің құдіреті күшті! Ауыздарынан менмен сөздер үздіксіз шығады,Зұлымдық істейтіндердің бәрі мақтанады, Өспей жатып бірден қурап қалатынҮй төбесіндегі шөпке олар ұқсасын: — Уа, Жаратқан Ие, мен дауымды алдыңа салғанда, Сен әрқашан әділсің. Ал енді осы мәселелер жайлы Өзіңмен сөйлеспекпін: неліктен зұлымдардың өмірі табысты? Неліктен опасыздар алаңсыз жүріп өркендейді?
Выбор основного перевода