Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдай сені алты рет қиыншылықтан құтқарады. Апат тіпті жетеу болса да, саған жоламайды. Хақ Тағала сені ашаршылық жайлаған кезде өлімнен құтқарып, шайқас кезінде семсердің құдіретінен де аман алып қалады. Тілдің пәлесінен аулақ болып, ойран келгенде де қорықпайсың. Қайта, күйреу мен ашаршылыққа күле қарайсың, елдегі жыртқыш аңдардан да қауіптенбейсің. Сонда даланың қойтастары бөгет болып егіндігіңде жатпайды. Елдегі жыртқыш аңдар да өзіңмен тату-тәтті тұратын болады. Кенеттен келер апаттан қорықпассың,Зұлымдардың күйреуінен қаймықпассың. Ал енді, Жақыптың үрім-бұтағы, Исраил халқы, сені жаратып қалыптастырған Тәңір Ие мынаны айтады: «Қорықпа, Мен сені құныңды төлеп құтқарып алдым. Сені өз атыңмен шақырдым: Сен Мендіксің! Судан өткен кезіңде саған жар боламын, өзендерден өткенде батып кетпейсің. Отты жарып өтсең, күйіп қалмайсың, тіпті жалыны да шарпымайды. Күмән жоқ, Құдайдың жолы мінсіз,Жаратқанның сөзі де еш мүлтіксіз.Құдайға сенім артқан бар жандарғаОл — қалқандай қорған әрі берік баспана. Қап-қараңғы шатқалда жүрсем де мен,Қорықпаймын ешбір қауіп-қатерден,Себебі Өзің менің қасымдасың,Жігер береді сойылың мен таяғың. Айыпсыз жанды атады тосқауылдан,Кенеттен тап береді қорықпастан. Себебі Құдай Ие күн мен қалқанға ұқсайды,Жаратқан Ием рақым мен ұлылық сыйлайды,Ол тура жолменен жүретін адамдардыСыйлайтын игіліктерінен құр қалдырмайды. Семсері белінде асынған бәрінің,Шайқаста көрсеткен өз ерліктерін,Бұл жігіттер түнгі қауіп-қатерге дайын.
Выбор основного перевода