Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
таң атқаннан күн батқанға дейінгі қып-қысқа аралықта-ақ талқандалып жаншылады ғой. Содан із-түзсіз ғайып болып, Адам гүл секілді өсіп шығып, солып қалады, өткінші көлеңкедей болған жерінде қала алмайды. Зұлым адам түс сияқты ғайып болып, ешкім таба алмай қалады, түнде көрген елестей жоғалып кетеді. Қорқыныш олардың басына топан судай қаптап, түнгі дауыл оларды іліп алып кетеді. Я, Ием, көтерілсең, олар ғайып болар,Оянғанда жоқ болатын түске ұқсар. Зұлымдар қазір жерді шөптей қаптайды,Заңсыздық істейтіндер өркендейді,Ал кейін олар мәңгілікке құриды. Адамның өмірі көк шөп секілді,Ол гүлдейді дала гүлі тәрізді: — Жар сал! — деп бір дауыс бұйырды.— Не туралы жариялайын? — деп сұрады хабаршы.— Күллі пенде атаулы көк шөп секілді! Бар салтанаты мен сенімділігі дала гүлдеріндей өткінші: Жаратқан Ие ыстық лебін үрлесе, шөп қурап, гүлдер солып қалады. Шынында халық сондай шөпке ұқсайды! Шөптер сарғайып қурап, гүлдер солады, ал Құдайымыздың сөзі мәңгі қалады. Жаратқан Ие таңдап алған халқына былай дейді: «Мен Өзім сені жұбатып, сүйенішің боламын. Қалай сен ажалды пендеден шошынып, адам баласынан қорқасың? Ол солып қалатын шөп секілді өткінші емес пе? Ал енді, бүгін далада өсіп тұрған, ертең отқа тасталатын шөпті Құдай солай киіндірсе, сендерді, әлбетте, одан бетер киіндірмей ме, сенімі аздарым-ай! Күн шығып, аптап ыстық басқанда шөп қурап, гүл де солып, бар сұлулығынан айырылады. Дәл солай, бай адам да бұ дүниедегі іс-әрекетімен шұғылданып жүргенде-ақ қалжырап, құрып кетпек.
Выбор основного перевода