Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдай ағайындарымды өзімнен алыстатып, таныстарым маған жат болып кетті. Сырлас достарымның бәрі менен жиренеді, жақсы көретін адамдарым маған қарсы шықты. Олар менен жиреніп, аулақ жүреді, ал бетіме түкіруден еш тартынбайды! Көршілеріме жек көрініштімін,Таныстарыма да қорқыныштымын,Мені көре қалса қашады далада,Осындай болдым жауларыма бола. Дос-жарандарым жарамнан қашқақтап,Жақын туыстарым да тұр алшақтап. Көмек күтіп оң жағыма қараймын,Мені ойлаған ешкім жоқ деп байқаймын.Жер қалмады енді маған пана болар,Ешкімім жоқ жанымның қамын ойлар. Сол кезде Бабыл патшасының әскері Иерусалимді қоршап алып, шабуыл жасап жатты. Ал Еремия пайғамбардың өзі Яһуда патшасының сарайындағы қарауылдар ауласында тұтқында болатын. Шықпастай қоршап, Ол мені қоламен шынжырлады.
Выбор основного перевода