Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда жердің топырағы бізге өнімін сыйлар,Һәм Құдай, сиынған Құдайымыз, бізді жарылқар. Себебі Құдай Ие күн мен қалқанға ұқсайды,Жаратқан Ием рақым мен ұлылық сыйлайды,Ол тура жолменен жүретін адамдардыСыйлайтын игіліктерінен құр қалдырмайды. Иә, Иеміз оларға жауап қатып былай дейді:— Мен сендерге астық, жүзім шырынын және зәйтүн майын жіберемін, сендер соларға тойынасыңдар. Бұдан былай Мен сендерді басқа халықтарға мазақтатып қоймаймын! Ей, жабайы аңдар, қорықпаңдар! Иен даланың жайылымдары жасыл, ағаштар жемісін уақытында береді, інжір ағашы мен жүзім бұтасы да молынан өнім береді. көктегі Әкеміз берген қай нәрсе де игі. Нұр шашқан аспан денелерін жаратқан Ол бізге Өзінің мүлтіксіз жарылқауын жаудырады. Аспан денелерінің көлеңкелері қозғала бергенмен, Құдайда ешқандай тұрақсыздық жоқ.
Выбор основного перевода