Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сондай адам мінсіз жүріп әділдік істейді,Шын жүректен ақиқатты ғана сөйлейді, Қастерлеңдер Иені, Оның қасиеттілері!Жоқшылық қинамайды Оны қастерлейтіндерді. Арыстандар азыққа зәру жүре алады,Ал Иеге сенгендер бар игілікке тояды. Себебі қорғанышымыз — Жаратқан Иеден,Біздің патшамыз — Исраилдің киелі Тәңірінен. Әділдерге Ол парасатты сақтап, ұсынар,Кінәратсыз жүргендерді қалқандай қорғар. Саған күндіз күннің нұрын шашып, түнде айдың сәулесін түсіруінің қажеті де болмайды. Мен, Жаратқан Ие, сенің Құдайың, Өзім мәңгілік нұрың мен салтанатың боламын! Сенде күн мен ай батып, қараңғылық жайламайды, себебі Мен, Жаратқан Ие, саған мәңгі бақи нұр боламын. Қайғырған кезеңің осымен аяқталады. Бірақ Менің есімімді терең қастерлейтін сендерге ақталу сыйлайтын күн шығады, оның сәулесінің аясында жандарың сауығады. Сонда сендер қорадан шығып, секіріп ойнайтын торпақтардай азат жүресіңдер. Содан кейін Иса шәкірттеріне:— Мен сендерді жолға ақша салатын қалта да, жолдорба да, артық аяқкиім де алғызбай жұмсап жібергенімде, бір нәрседен мұқтаждық көрдіңдер ме? — деген сұрақ қойды. Олар:— Жоқ, еш нәрседен мұқтаждық көрген жоқпыз, — деп жауап қайтарды. Оның нұрлы салтанатына кенелді. Қала өте құнды асыл тас іспетті, мөлдір тастай айқын яспис сияқты жалт-жұлт етіп жарқырап жатты. Қалаға жарық түсіру үшін күн мен айдың да қажеті жоқ: Құдайдың нұрлы салтанаты оны жарқыратады, әрі Тоқты да — оның шам-шырағы іспетті.
Выбор основного перевода