Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Арсыздың мәйітін құрметпен қабірге қойып, қабір басында құрметті күзет тұрады. Ал қадірлі адам да мәңгі қалмайды,Өліп құритын хайуанға ұқсайды. «Пендем, Тирдің әміршісіне мына хабарымды жеткіз: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Жүрегің мейлінше асқақтап сен өзің туралы: «Мен тәңірмін, теңіз ортасындағы тәңір тағында отырмын!» дейсің. Өзіңді тәңірмін деп сезінесің, бірақ сен Құдай емес, жай ғана пендесің! Әрине, сен Даниялдан да дана екенсің. Саған беймәлім бірде-бір құпия жоқ екен. Өзіңнің даналығың мен ақыл-парасатың арқылы байлыққа қол жеткізіп, қазына қоймаларыңа алтын-күмісті молынан жинап алыпсың. Расында да сауданы жетік білуіңмен сен байлық-дәулет пен күш-қуатыңды нығайттың. Содан да жүрегің мейлінше менменсіп кетті». Сондықтан Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Өзіңді тәңір іспетті данамын деп санайтындығыңнан, біліп қой: Мен саған қарсы жат жерліктерді, халықтардың арасындағы ең қатыгезін жіберемін. Олар сенің көрікті даналығыңды семсерлерімен шауып, нұрлы салтанатыңды аяқ асты етіп арамдайды. Сөйтіп сені о дүниеге тастайды. Теңіздің ортасында арам өліммен құрисың! Өзіңді өлтіруге келгендердің алдында «Мен тәңірмін!» деп айтасың ба сонда? Өлтірушілеріңнің қолына түскенде сен тәңір емес, жай ғана пенде боласың ғой. Сонда сүндеттелмеген жат жерліктердің қолынан арам өлесің. Мен осыны нық айтамын», — деп ескертеді Жаратушы Тәңір Ие. Сонымен су бойында өсіп, төбесі бұлттарға дейін жетсе де, ешбір «ағаш» заңғар боп асқақтап кетпесін! Себебі пенделердің бәріне де ажал төніп, ақыр соңында олар ең қарапайымдармен бірге қабірге түседі».
Выбор основного перевода