Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ұзақ уақыттан кейін Мысырдың патшасы дүниеден қайтты. Ал исраилдіктер әлі де құлдықтан бейнет шегіп, күңірене күрсініп зарлап жатты. Олардың көмек сұрап жалбарынуы Құдайдың құлағына жетті. Перғауын жақындаған кезде исраилдіктер кері бұрылып қараса, соңдарынан қуған мысырлықтар келіп те қалыпты! Зәрелері ұшқан исраилдіктер айқайлап Жаратқан Иені шақырды. Мен Хориб тауындағы анау жартастың басында сенің қасыңда тұрамын. Жартасты таяғыңмен соққанда ішінен халық ішетін су шықпақ, — деді. Мұса Исраил халқының рубасыларының көзінше солай істегенде су аға жөнелді. Кейін Мұса бұл жерді Маса («Еркінсіп сынау») және Меріба («Ұрсу») деп атады. Өйткені исраилдіктер сонда оған ұрсып, «Жаратқан Ие арамызда жүр ме, жоқ па» деп Тәңір Иені еркінсіп сынаған еді. Керней даусы күшейген үстіне күшейе түсті.Мұса тіл қатып, Құдай оған қатты дауыспен жауап беріп жатты. Бұл жер Меріба (Ұрсу) суы деп аталып кетті. Себебі Исраилдің үрім-бұтағы сол жерде Жаратқан Иеге ұрсып, Ол Өзінің киелі екенін көрсетті. Қиындық көргеніңде шақыр Мені,Сонда құтқарып аламын сені,Ал өзің мадақтайтын боласың Мені».
Выбор основного перевода