Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдай үлкенірегі күндізге, кішірегі түнге билік жүргізетін жарқыраған екі үлкен аспан шырағын әрі жұлдыздарды жаратты. Құдайдың салтанатты ұлылығынАспан әлемі ашық паш етеді,Оның қолының керемет істерінӘуе кеңістігі де көрсетеді, Көк те — Сенікі, жер де — өз меншігің,Негізін салдың Сен күллі әлемнің,Әрі жараттың ондағылардың бәрін. Қатты қиналып ыңқылдағанымнанӘбден жүдегенмін, құр сүлдерім қалған. Қандай ұлы — Жаратқанның істері,Оларды ұнатқандар терең зерттейді. Түнді билейтін ай мен жұлдыздарды жаратты,Рақымы Оның мәңгіге ұласады! Өйткені Құдайдың көзге көрінбейтін қасиеттері — Оның мәңгілік құдіреті мен құдайлық болмысы дүние жаратылғаннан бері айқын: бұларды Оның жаратқан нәрселерінен байқап түсінуге болады. Сондықтан адамдар Құдайды біле алмадық деп сылтаурата алмайды.
Выбор основного перевода