Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жалақордың ұрсуын естіп тұрамыз,Кек алмақ жаудың бетін көріп тұрамыз. Сол кезде Иса көктегі Әкесіне сиынып: «Көк пен жердің Иесі — Әке! Осы жайттарды данышпандар мен білгіштерден жасырып қалып, оларды ашып көрсеткенің үшін Сені дәріптеймін. Олар Исаға:— Бұлардың не деп жатқандарын естіп тұрсыз ба?! — деп наразылықтарын білдірді. Ал Иса:— Әрине, естіп тұрмын. Сіздер (Забурда) «Балалардың, кішкене бөбектердің аузымен Өзіңді дәріптетесің» деп жазылғанды ешқашан оқымап па едіңіздер? — деп жауап қайтарды. Бірақ осы дүние кімдерді «ақымақ» деп санаса, Құдай «данышпан-ақылгөй» делінгендерді ұялту үшін соларды таңдап алды. Және осы дүние «күшсіз» деп тапқандарды Құдай «күштілерді» ұялту үшін Өзіне таңдады.
Выбор основного перевода