Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Өзіңе таңдаған тауға халқыңды апарасың,О, Жаратқан, сонда оны қондыратын боласың.Сол жерді өз мекенің болуға жаратып алдың,Уа, Ием, Сен сонда киелі орныңды жасадың. Қыңыр ұлттарды Сен елден қуып шықтың,Ал бабаларымызды орнықтырдың.Сол тайпаларды Сен езіп тастадың,Ал бабаларымызды азат қылдың. Енді мен Жан досымның атынан Оның жүзімдігі жайлы жырын айтып берейін:Досымның жүзімдігі құнары асқанҚыраттың беткейіне орналасқан. Әлемнің Иесінің бұл жүзім бағы —Исраилден шыққан үрім-бұтағы,Оның сүйсіне еккен бау-бақшасы —Яһуда елінің адамдары.Құдай бұлардан әділдік күтті,Ал, міне, олар жазықсыз қан төкті!Жаратқан Ие олардан адалдық тосты,Ал, міне, жапа шеккендердің айқайыҚұдайдың құлағына жетіп жатты! Сені жемісі құнды асыл тұқымды жүзім бұтасы деп отырғызған едім. Қалайша енді бөгде жүзім бұтасының жабайы сабақтары болып шыға келдің?! Осылай болғандықтан, Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Орман ағаштарымен салыстырғанда жүзім бұтасының ағашы өзге пайдаға аспай, отқа жануға тасталады. Сол сияқты, Мен пайдаға аспаған Иерусалим халқына да солай жасамақпын: Өскін тамыр жайып, қаулап өскен аласа жүзім бұтасына айналыпты. Оның бұтақтары бүркітке қарай бұрылып, тамырлары жерге терең кетіпті. Осылай жүзім бұтасы айналасына бұтақтары мен өркендерін жіберіпті. Су бойына орналасқан жүзімдіктегіЖүзім бұтасына анаң ұқсас еді.Сол бұта мол судан жемісті көп берді,Бұтақтары жайқалып тұратын еді. Сонда Иса оларға астарлы әңгімелер айта бастап былай деді:— Бір кісі жүзім бағын отырғызады. Оны дуалмен қоршап қояды, әрі жүзім шырынын сығып алуға арналған шұңқыр қазып, күзет мұнарасын да салады. Кейін бағын жүзімшілерге жалға тапсырып, өзі басқа жаққа сапарға аттанады.
Выбор основного перевода