Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сұмдық жасайтындар ақылға келмес пе екен?Халқымды олар нан жегендей жалмап кеткен,Жаратқанға сиыну ойларына еш түспеген. Марал қалай аңсаса мөлдір суды,О, Құдай, жаным солай Сені аңсайды. Жолшыбай өткендер оны тонайды,Көршілері келекелеп мазақтайды. Нан орнына күлмен тамақтанамын,Көз жасымды сусыныма қосамын. Жасаған Ие сендерге нанның орнына мұқтаждық, судың орнына қысымшылық жіберді. Ал енді Ол — өздеріңді үйрететін Ұстаздарың, жасырын емес, көз алдарыңда болмақ. Өзімді әлі білмеген кезіңде-ақ сені атыңды атап шақырып, жоғары лауазымға тағайындаймын. Мұны өз қызметшім үшін, Жақыптың үрім-бұтағы, таңдап алған Исраил халқым үшін істеймін. Мен Жаратқан Иемін, жалғыз Құдаймын, Менен өзге құдай жоқ! Өзімді білмесең де, Мен сені күшті қыламын. Қаһарыңды Өзіңді танып мойындамайтын ұлттарға, есіміңді атап сиынбайтын тайпаларға төкші! Өйткені олар Жақыптың елін жалмап жеп қойды. Олар оны біржола құртып, жайлы мекенін қиратып, бос қалдырды». Сонда Ол Құдайға менсінбей, Иеміз Исаның Ізгі хабарына құлақ аспай жүргендерді жазаламақ.
Выбор основного перевода