Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Орныңнан тұрып, Сионға рақым етші,Енді уақыт болды, мейірім көрсетші,Соған белгілеген мезгілің жетті. Содан соң Жәбірейіл былай деді: «Мен саған кейінірек, Құдайдың қаһарлы үкімі шығарылатын кезде, не болатынын айтпақшымын. Өйткені бұл аян сол ауыр заманның алдын ала белгіленген ақыр соңы жайында. Өйткені бұл хабар белгілі бір уақытта іске асып, орындалатын кезіне меңзейді. Ол өтірік болып шықпайды. Орындалуы кейінірек болса да, оны күт! Ол шүбәсіз келіп, еш кешікпейді. Ол жарлыны күл-топырақтан көтереді,Мүсәпірді мүшкіл күйінен құтқарады,Әміршімен бірге төрге отырғызады,Сыйлы орынды оған мұралыққа береді.Себебі жердің негізі — Жаратқанның меншігі,Ол үстіне орнатқан бүкіл дүниені. Халықтар абыржи толқып,Патшалардың тақтары шайқалады,Алла Тағаланың үні естіліп,Бүкіл жер беті балқып жоқ болады. Енді олар әндетіп шарап ішіп отырмайды, сыраның дәмі де ішкендерге тым ащы көрінбек.
Выбор основного перевода