Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Уа, Ием, рақым етіп мені құтқара гөр,Маған көмекке тездетіп келе гөр. Жанымды алмақ болған бар жауларымТаңдана абыржып, ұятқа қалсын,Маған пәле тілеген бар дұшпандарымМасқараланып кері қайтарылсын! «Өзіңе де сол керек!» деп табалағанОлар қатты ұялып, таңғалсын соған. Бірақ бет бұрып сиынғандар СағанӨзіңе қуана берсін шат-шадыман,Лайым құтқаруыңды ұнатқан әркім:«Иеміз даңқты!» деп Сені дәріптесін! Ал мен жарлымын, мұқтаждықта жүрмін,Уа, Ием, Сен жағдайымды ойлайсың.Қолдаушым да құтқарушым Өзіңсің,Кешіге көрмеші, о, Құдайым менің. Асыға гөр маған көмек беруге,Құтқарушым менің, уа, Жаратқан Ие.
Выбор основного перевода