Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Байлығымның молдығына әрі ағыл-тегіл дәулетке қол жеткізгеніме лепіре мақтандым ба? Қиын-қыстау кезде қорықпаймын,Қоршаса да мені алдамшылардыңЗұлымдығы: әл-ауқаттарына оларСүйеніп, зор байлығымен мақтанар. «Міне, Құдайды паналамаған жан,Қайта, мол байлығын арқа тұтқан,Зұлымдықпен одан бетер нығайған». Балам, күнәкарлар еліктіргендеАйтқандарына сен ешқашан көнбе, Олар сені шақырып былай десе:«Кәнеки, кеттік, біреуді аңдиық!Сол бір айыпсыздың жолын ториық,Аңдаусызда бас салып, қанын төгейік! Сондайларды тып-типыл тонайық,Көрге түсіргендей түгел бітірейік. Алуан асыл заттарға ие боламыз,Үйлерімізді олжаға толтырамыз. Тәуекелге бізбен бірге бел байла,Бар байлығымыз ортақ болады сонда!» Балам, мұндайлармен бірге жолға шықпа,Олардың жолдарына мүлдем жолама! Арам табысқа құмардың тағдыры сол:Дүниеқор иесін жалмайды ол. Сол себептен Исраилдің Киелі Құдайы жауап беріп мынаны айтады:— Сендер сол айтқандарымды қабылдамай, зорлық пен алдамшылыққа сеніп, соларға сүйенесіңдер. — Себебі Мен әділдікті сүйіп, зорлық-зомбылықты жек көремін, — дейді Жаратқан Ие. — Меншікті халқыма тиісті сыйларын адалдықпен беріп, олармен тұрақты Келісім жасаймын. Тағы да айтамын: байдың Құдай Патшалығына кіруінен гөрі түйенің ине көзінен өтуі оңай. — Содан Ол халыққа қарап: — Абайлаңдар, дүниеқор болудан сақтаныңдар! Байлығы қанша зор болса да, адам сол арқылы өз өмірінің иесі бола алмайды, — деді. Сосын өзіме: көп жылға жететін мол қорың бар, енді демалып, ішіп-жеп, көңіліңді көтер деймін». Бірақ Құдай оған: «Ей, түйсіксіз пенде, бүгін түнде жаның алынады! Сонда сенің жиып-тергенің кімге қалады?» — дейді. Бұ дүниеге ештеңе де әкелген жоқпыз, одан ештеңе алып кетпейтініміз де айдан анық. Ал баюға ұмтылғандар азғыруға ұшырап, өздерін апатқа, құрып кетуге апаратын көптеген ақымақ та зиянды құмарлықтардың торына түседі. Осы дүниелік мал-мүлікке бай сенушілерге мынаны ескерт: олар менмен болмасын және сенімдерін өткінші байлыққа емес, Құдайға артсын! Ол адамдар рақатын көрсін деп игіліктердің бәрін сыйлайды.
Выбор основного перевода