Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Күшім судай төгіліп, таусылды құрғап,Сүйектерім буынынан қалды босап.Кеудемде жүрегім балауыз құсапӘбден балқып, елжіреп кетті босап. Иеме былай деп мінажат еттім:«Рақымды бола гөр, уа, Жаратқан Ием,Саған қарсы күнә жасаған едім,Сауықтыра гөр жан дүниемді менің!» Шексіз сүйіспеншілігіңе бола,О, Құдай, маған рақым ете гөр,Мейіріміңнің молдығына болаҚылмыстарымды өшіріп тастай гөр. Шабылған шөптей қурады жүрегім,Тамақ ішуді де ұмытып келемін, Кешкі көлеңкедей өтеді күндерім,Қураған шөптей әбден әлсіредім. Азапталған күйлерінде олар Маған бет бұрып, өзара былай десетін болады: «Келіңдер, Жаратқан Иеге қайтадан мойынсұнайық! Ол бізді жарып, жарақаттап еді, енді жарамызды жазады. Ол бізді соққан еді, енді сол жерімізді таңады.
Выбор основного перевода