Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Уәзірлері Анхұсқа:— Мынау ана елдің патшасы Дәуіт емес пе? Олардың би билеп: «Саул мыңдаған жауын жеңіп жойды, ал Дәуіттің жойғаны он мың болды» деп әндеткені осы адам туралы емес пе еді? — деп шағым айтты. Осы сөздерді Дәуіт те естіп, Анхұс патша не істер екен деп қатты қорықты. Сондықтан олардың көз алдында есуас болғансып, қала қақпасының есіктерінің бетін шимайлап, сілекейін сақалына шұбыртып ағызып жүрді. Анхұс уәзірлеріне: «Қараңдаршы, бұл — есі ауысқан адам! Несіне маған алып келіп отырсыңдар? Жынды дегенің осы жерде аз ба еді? Оны есуастығын көрсету үшін алдыма алып келдіңдер ме? Мұндайды сарайыма неге кіргізесіңдер?!» — деп зекіп тастады.
Выбор основного перевода