Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мен сенімімнен жалтарып, жауым шаттанбасын,Дұшпандарым «Жеңдік!» деп лепіре мақтанбасын. Әділ жан құрма ағашындай өркендейді,Ливандық самырсындай өсіп биіктейді, Жаратқанның үйінде ол тамыр жаяды,Құдайымыздың ауласында құлпырады, Жасы ұлғайса да, жемісін береді,Шырынды, ширақ болып қала береді, Әйелің сенің үйіңнің ішіндегіЖемісті жүзім бұтасы секілді,Ал ұл балаларың дастарқан басындағыЗәйтүн ағашының өркендері сияқты. Бұл халықты Жаратқан Ие жемістері жақсы піскен, жапырағы жайқалған зәйтүн ағашы дейтін еді. Бірақ енді Ол гуілдеген бір сұрапыл дауылды жіберіп, өртті қоздырып тұтатады! Сонда ағаштың бұтақтары өртеніп, сынып қалады. Исраилдің жас өркендері кең жайылып өседі. Ол зәйтүн ағашындай көрікті, ал хош иісі Ливан самырсынының жұпарындай болады.
Выбор основного перевода