Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Қайратты да батыл бол! Мен ежелде ата-бабаларына уәде еткен елді халыққа мұралық меншікке үлестіретін сен боласың. Жаратқанға сенім артқандардың бәрі,Қайратқа кенеліп, батыл болыңдар енді! Жаратқанға сүйеніп, Оның жолымен жүр,Ол сені көтеріп елді иелентер,Зұлымдардың құрығанын саған көрсетер. Жаным тыным табады жалғыз Құдайдан,Құтқарылуым келеді тек қана Одан, Жан дүнием, тыным тап жалғыз Құдайдан,Үміт келеді маған тек қана Одан, Шын жүректен Иеме сенім артамын,Берген сөзіне үмітімді артамын. Сол кезде адамдар былай дейтін болады:«Біліп алыңдар, Бұл — біздің Құдайымыз,Аңсап Оны Оған сенім артамыз,Ол — жаудың қолынан Құтқарушымыз,Біздің Иеміз һәм Жаратушымыз,Оны аңсап Оған сенім артамыз.Енді бәріміз қатты қуанамыз,Бізді құтқарғанына шаттанамыз!» (Жаратқан Ие Едом еліне былай деп ескертеді:) «Біліп қой, Мен сені ұлттардың арасында шағын әрі әбден елеусіз қыламын. Сен жартастағы қуыста тұрып, биік қыраттарды мекендеп келесің. Сондықтан «Кім мені бұл жерден құлатып түсіре алады?!» деп кеуде көтеріп, соған алданып кеттің.
Выбор основного перевода