Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бұрын Жаратқан Ие сендерге жақсылық жасауды, сандарыңды көбейтуді қалай ұнатқан болса, енді Ол сендерді құртып, жоқ қылуды да солай ұнататын болады. Осылай сендер қазір кіріп, иемденгелі тұрған елдеріңнен түпкілікті аластатыласыңдар. Ал Жаратқан отырады көктегі тағында,Өзінің киелі ғибадатханасында,Иеміз бақылайды барлығын да,Сын көзбен қарайды адам баласына. Бірақ Иеміз онысына тек күледі,Сот күнінің таяп қалғанын біледі. Ал Сен, Жаратқан Ие, оларға күлесің,Барлық қыңыр ұлттарды келекелейсің. Сол үшін қиналған кездеріңде күлемін,Үрейлерің ұшқанда келеке етемін.
Выбор основного перевода