Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сен Өзіңнің тағайындаған патшаңа:Дәуітке және оның ұрпақтарынаҰдайы ұлы жеңістер сыйлайсың,Тұрақты мейіріміңді бағыштайсың. Заңсыздықты жек көріп, әділдікті сүйесің,Сондықтан да Құдай, өз Құдайың сенің,Өзіңді тағайындап, сыйлады сағанСеріктеріңнен гөрі шаттықты молынан. Патшалар күштерін жинаған еді,Шайқасқа бірігіп аттанған еді. Олар қаланы көріп, аң-таң болды,Үрейленіп, түгел қаша жөнелді, Бойларын қорқыныш кернеді,Толғатқан әйелдей қиналды. О, Жаратқан, есіңе алшы дұшпанның мазағын,Зердесіз ұлттың өз есіміңді қорлағанын. Жауларыңның айқайын ұмыта көрме,Саған қарсы шыққандардың шуы күшеюде. Ал парызшылдар болса сыртқа шығып, Исаның көзін жою туралы кеңес құрды.Иса бұл туралы біліп қойып, сол жерден кетіп қалды. Сол уақытта елдің басты діни қызметкерлері мен рубасылары бас діни қызметкердің сарайына жиналып, кеңес құрды. Олар Исаны айламен қолға түсіріп, өлтірудің жолын қарастырды, Иса әлі де осыны айтып жатқанда, он екі елшінің біреуі — Яһуда семсер мен сойыл ұстанған үлкен бір топ адамды сол жерге ертіп келді. Бұларды елдің басты діни қызметкерлері және рубасылары жіберген еді. Исаны тұтқынға алғандар Оны бас діни қызметкер Қаяфаға апарды. Сол жерге дін мұғалімдері мен рубасылар жиналған болатын. Сол кезде басты діни қызметкерлер мен бүкіл Жоғарғы кеңес Исаны өлімге кесу үшін Оған қарсы жалған айғақтар іздестірді. Алайда көптеген куәгерлер алға шығып, өтірік айтса да, Оған тағатын бірде-бір дәлелді айып табылмады. Ақырында екі кісі алға шығып, Исаны былай деп кінәлады: — Мынау: «Құдайдың киелі үйін бұзып, үш күнде қайта тұрғызу қолымнан келеді!» дейтін. Сонда бас діни қызметкер орнынан тұрып, Исадан:— Ешқандай жауап бермейсің бе? Мыналар Саған қарсы не деп куәлік беріп тұр? — деп сұрады. Бірақ Иса үндемеді. Сонда бас діни қызметкер Оған:— Мәңгі тірі Құдайдың алдында ант етіп, бізге айтып бер: Сен Құдайдың рухани Ұлы — Мәсіхсің бе? — деген сұрақ қойды. Иса:— Өзіңіз айтып тұрсыз. Сіздерге мынаны да айтамын: Менің Билеуші ретінде Құдірет Иесінің оң жағында отырғанымды әрі аспандағы бұлттармен келе жатқанымды әлі көретін боласыздар! — деп жауап берді. Сонда бас діни қызметкер шапанының өңірін айыра жыртып:— Ол Тәңірге тіл тигізді! Енді куәгерлердің қажеті қанша? Қорлық сөздерін өз құлақтарыңызбен естідіңіздер! Бұған қалай қарайсыздар? — деп дауыстады. — Жиналғандар:— Ол өлім жазасына лайық! — деп жауап қайтарды. Таң ата елдің басты діни қызметкерлері мен рубасыларының бәрі Исаны өлтіру туралы кеңесіп, шешім қабылдады. Оны байлатып, әмірші Пилатқа алып барып, табыс етті. Сол уақытта Иса римдік әміршінің алдында тұрған еді. Ол Исаға:— Сен «Яһудилердің Патшасысың» ба? — деген сұрақ қойды. Иса:— Өзіңіз айтып тұрсыз, — деді. Басты діни қызметкерлер мен рубасылар Өзін айыптағанда Иса еш жауап бермеді. Сонда Пилат Оған:— Бұлардың Өзіңе қарсы қаншама куәлік келтіріп жатқанын естімей тұрсың ба? — деп сұрады. Алайда Иса олардың бірде-бір сөзіне жауап қайтармады. Оның бұлай істегеніне әмірші қатты қайран қалды. Ал парызшылдар болса сыртқа шығып, тездетіп Ирод әулетінің жақтастарымен бірге кеңес құрып, Исаның көзін құрту туралы ақылдасты. Мұны дін мұғалімдері мен басты діни қызметкерлер де естіп, Исаның көзін құртудың жолын іздеді. Себебі жұрттың бәрі Оның тәліміне қатты қайран қалғандықтан, олар Исадан қорқып жүрді. Ал әлгі діншілдер қатты ашуланып, Исаға қарсы не істесек екен деп өзара ақылдасты. Ол ең алдымен ағасы Шимонды тауып алып:— Біз Мәсіхтің Өзін таптық! — деді. Ал «Мәсіх» Құдай тағайындаған Құтқарушы Патша дегенді білдіреді. Алайда Құдайдан естіген ақиқатты сендерге жеткізген Мені өлтіргілерің келеді. Ондай нәрсені Ыбырайым істеген жоқ.
Выбор основного перевода