Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқанның сөздері таза да сенімді,Жеті рет балқытылып тазарған күміс секілді. Қашанғы көңілім уайымға тола бермек,Жүрегім күн сайын қасіретке кенелмек?Дұшпаным қашанғы маған үстемдік жүргізбек? Шындық жолымен жүруді таңдап алдым да,Шешімдеріңді ұстаймын мен көз алдымда. Содан бар бұйрықтарыңды әділ деп санаймын,Бүкіл бұрыс жолдарды да жақтырмаймын. Сонымен қатар, біздерде пайғамбарлардың жазып қалдырған нық сенімді сөздері бар ғой. Бұларға көңіл бөлсеңдер, жақсы болады. Сол сөздер қараңғылықта «нұрын шашып тұрған шам-шыраққа» ұқсайды. Таң атып, шолпан жұлдызының пайда болатынындай, ақырында Мәсіх көктен қайтып келіп, жүректеріңе толық түсінік құятын болады. Ол көкірек көздеріңді оятып, рухани нұрға кенелтіп, өздеріңді қандай үмітке шақырғанын, яғни өз халқына қандай керемет игіліктер сыйлайтынын, білсеңдер екен деп сиынамын.
Выбор основного перевода