Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқанның сөздері таза да сенімді,Жеті рет балқытылып тазарған күміс секілді. Ием жаныма күш дарытады.Есімі «Қасиетті» деп аталады,Содан артамын Оған сенімімді:Ол мені тура жолмен жетелейді. Уа, Ием, ережелерің шынымен сенімді,Сенің үйің мәңгілік киелі де қасиетті. Жаратқанның істері адал да әділетті,Оның бұйрықтары да түгел сенімді, Өсиеттерің есімде мәңгі бақи қалады,Олар мені жауларымнан парасатты қылады. Бар ұстазымнан терең ұға аламын,Себебі жарлықтарың туралы толғанамын. Тіпті жасы үлкендерден де білімдірекпін,Себебі бұйрықтарыңды сақтап келемін. Ендеше Таурат заңы қасиетті, өсиет те қасиетті, әділ және игі. Сонымен бірге балалық шағыңнан-ақ Киелі жазбалармен таныссың. Олар сені парасатты етіп, Мәсіх Исаға деген сенімің арқылы құтқарылуға бастап әкеледі.
Выбор основного перевода