Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мен сендерге қазір табыстап отырған осы бүкіл Таурат заңындай әділ ережелер мен шешімдерге ие болып отырған тағы басқа үлкен халық бар ма?! (Әрине, жоқ!) былай деді:«Жаратқан Ие келген еді Синайдан,Үстімізге көтеріліп Сейір тауынан,Әрі шұғыласын шашып Паран тауынан.Сан мыңдаған Өзіне бағышталғандарменКелді оңтүстіктен, тау етектерінен. Мұса бізге тапсырды Таурат заңын,Мұрасы болды ол Жақып қауымының. Өйткені Иеміз Жақыптың ұрпағынаЕрежесін орнатып, Исраил халқынаАрнап Таурат заңын шығарып тапсырды,Ол ата-бабаларымызға солардыБалаларына үйретуге бұйырды. Ақиқат жолдарын танытты Ол Мұсаға,Кереметтер жасады Исраил халқына. Хориб тауында өз қызметшім Мұса арқылы бүкіл Исраилге тапсырған Таурат заңындағы ережелер мен шешімдерімді естеріңде сақтаңдар! Біздің Исраил халқымыз сиынатын Құдай ежелде ата-бабаларымызды таңдап алған. Халқымыздың Мысырда жат жерлік болған кезінде Ол оның күші мен санын көбейтті, соңында Өзінің керемет құдіретімен оларды сол елден алып шықты. Әрине, яһудилердің қай жағынан болса да артықшылықтары бар. Ең алдымен, Құдайдың сөзі ата-бабаларымызға сеніп тапсырылды.
Выбор основного перевода