Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдай адам толықтай ұға алмайтын ғажап істерді істейді, сан жетпес кереметтерді жасайды: Біліп алыңыз, Құдай сондай ұлы! Ал біз Оны толығымен ұға алмаймыз. Оның жылдарының санын адам зерттеп біле алмас. Құдайдың таңдап алған қаласында,Оның қасиетті Сион тауындаЖаратқан Иеміз теңдессіз ұлы,Ол мадақталуға әбден лайықты! Иеміз ұлы, мадақталуға әбден лайықты,Оны қастерлеу қажет бар «тәңір, пірден» гөрі. Сен мынаны естіп, білмеуші ме едің:Мәңгілік Құдай — сенің Жаратқан Иең,Шексіз зор даналығы Өзінің,Ол жаратты жердің түкпір-түкпірін!Ешқашан Құдай шаршап-шалдықпайды, О, неткен бай Құдайдың даналығы,Неткен терең Оның білік-парасаты;Шешімдеріне адам ақылы жетпес,Жолдарын Оның ешкім зерттеп бітпес!
Выбор основного перевода