Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан тірі! Құздай қорғаушым мақталсын,Құтқарушы Құдайым лайым даңқталсын! Жаратқан — жартастай берік қорғаным,Мені қауіп-қатерден құтқарушым,Құдайым — сенім артқан шың құзым,Қалқандай қорғаушым, мықты құтқарушым,Әрі биік таудағыдай баспанам! Шайқасуға маған күш-қуат сыйладың,Қарсыластарды алдыма бас ұрғыздың, Құдайым мүддемді қорғаған,Әрі халықтарды маған бағындырған, Тікенді бұтақ жанған от үстіндегіҚазанның тез қайнайтыны секілді,Құдайдың қаһары сол тірілердіҚұйындай көтеріп алып кетеді. Уа, Құдай, біздің қорғаушымыз, көңіл бөле гөр,Таңдап алған патшаңа көз қырыңды сала гөр. Мен Жаратқан Иеге былай дейтін болам:Бас сауғалайтын панам әрі қорғаным,Сенімімді Саған артам, уа, Құдайым!
Выбор основного перевода