Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бұдан былай Дәуіт айдаладағы бой тасалайтын жерлерде және Зиф қаласына жақын елсіз қыраттарда жасырынып жүрді. Саул оны күн сайын іздеумен болды, бірақ Құдай Дәуітті оның қолына түсірмеді. Онда жаулар мені қуып, ұстап алсын,Жанымды аяғымен жерге таптасын,Абыройымды топыраққа былғасын. Өйткені жан дүнием қайғыға толды,Өмірім ажалға жақындап қалды, Көрге түсетіндер арасынан саналдым,Күші жоқ, әлсіз адамға ұқсас болдым. Осылай өлілер қатарына қалдырылдым,Қаза тауып, қабірде жатқандардаймын,Сен оларды енді қайтып еске алмайсың,Аласталды олар қамқорлығыңнан Сенің. Сен мені қап-қараңғы тұңғиыққаСалып қойғансың, ең терең шұңқырға. Ежелде өлгендердей түнекте отырғызды.
Выбор основного перевода