Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мен, Жаратқан Ие, оған қарсы мына сөзді айттым:Маған бағышталған Сион қаласы сені менсінбей, келекелеп отыр! Иерусалим қаласы қашып кетіп бара жатқан сені мазақтап басын шайқайды! Амос ұлы Ишая Бабыл қаласы туралы көрініс көріп, мына ауыр хабарды алды: Зар жылаңдар, Жаратқан Иенің (соты) күні таяп қалды! Сол кезде құдіреті шексіз Құдай жерді талқандайды. «Тағыңнан түсіп, топыраққа отыр, ей, Бабыл қаласы! Халдей халқының астанасы, сен ханша сияқты ешкімге бағынбаған едің. Ал енді тақыр жерде отыра бер! Бұдан былай сені ақсаусақ, нәзік деп атамайды. Бірақ жетпіс жыл өткен соң, Мен Бабыл патшасын да, оның халқын да ауыр кінәлары үшін жазалап, халдейлердің елін мәңгілікке қаңыраған қу далаға айналдырамын. Ұлттардың арасында мына хабарды жар салып, бәріне естіртіңдер; оны белгі беретін жалаудай көтеріп, әркімге де білдіртіңдер! Ештеңесін бүкпей жариялаңдар: «Бабыл жау қолына түседі! Оның тәңірсымағы Бел Меродах масқара болып, үрейге толады. Халық табынған тәңір мүсіндері аяқ асты болып, сындырылады. Қалаға жан-жағынан атой салыңдар! Сонда ол беріліп, мұнаралары құлап, қамал қабырғалары опырылады. Бұл — Жаратқан Иенің жүзеге асырып жатқан әділ жазасы. Сондықтан Бабылға тиісті жазасын тартқызыңдар! Сол қала басқа халықтарды қалай қырған болса, сендер де оны солай қырыңдар. Ел қатты күйзеліп, қалшылдауда. Себебі Жаратқан Иенің Бабылды ешкім тұрмайтындай етіп қиратамын деген ниеті іске асып жатыр. Бабыл тіпті аспанға дейін асқақтап, зәулім қорғанын одан бетер нығайтса да, Мен оған қарсы құртушы жауларын жіберемін! — деп ескертеді Жаратқан Ие. Осылайша Бабылға жойқын жау бас салмақшы. Қаланың жауынгерлері қолға түсіп, садақтары сындырылады. Өйткені Жаратқан Ие — әділдікпен жазалайтын Құдай. Ол Бабылға тиісті жазасын толығымен тартқызбақ. «Өзгелерге көрсеткен зорлық-зомбылықтарын өзіне көрсетіңдер, жаман қылықтарына сай екі есе қылып қайтарыңдар! Оның басқаларға арнап араластырған «өз тостағанындағы шарабына» азғындықты екі есе қылып қосып өзіне дайындап беріңдер!
Выбор основного перевода