Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Онда айтарым мынау: алтыншы жылы егіндіктеріңді молынан жарылқаймын, сонда сол жылы шыққан өнімнің өзі үш жылға жететіндей ағыл-тегіл болады. Осылай Иорданның шығыс жағындағы аморлықтардың екі патшасынан да жерлерін тартып алдық. Сол өлке Арнон аңғарынан бастап, Хермон тауына дейін созылған еді. Осы жер Арнон аңғарының жағасындағы Арогерден Сирион, яғни Хермон, тауына дейін созылып, Құдайларың Жаратқан Ие өздеріңе беріп жатқан елінде сендерді жарылқап, қамбаларыңа және қолға алған барлық іс-әрекеттеріңе ақ батасын жаудырады. Жаратқан күндіз рақым жасап маған,Мен Оны түнде мақтап, жырлап шығам,Һәм мінажаттарымды бағыштаймынҚұдайыма Өзіме өмір сыйлаған. (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)Жаратқан Иеге сенім артқандарСион тауындай шайқалмай мәңгі тұрар. Таулар Иерусалимді жан-жақтан қоршайды,Жаратқан Ие өз халқын солай қоршайды,Қазір де, мәңгі де аман сақтап қорғайды. Ливан тауынан менімен бірге келгін,Амана шыңынан, қалыңдығым менің,Заңғар бастарынан Хермон, Сенірдің,Арыстан тыншып жатқан үңгірлерінен,Барыс білдіртпей жүрген төбелерінен. Сонда Патша оң жағындағыларға былай деп үкім шығарады:— Әкем жарылқағандар, келіңдер! Әлем жаратылғаннан бері өздеріңе дайындалған Патшалықтан үлестеріңді алыңдар! Ал кімде-кім Мен беретін «судан» ішсе, ол мәңгі бақи шөлдемейтін болады. Мен беретін «су» оның ішінде мәңгілік өмір сыйлайтын, бұрқылдап жатқан «қайнарға» айналады. — Мәңгілік өмір — Сені, жалғыз шынайы Құдайды, әрі Өзің жерге жіберген Мені, Иса Мәсіхті, жақыннан тану. Бұл куәліктің мәнісі мынадай: Құдай бізге мәңгілік өмір сыйлады. Осы өмір Оның рухани Ұлында:
Выбор основного перевода