Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
О, Құдай Ие, енді өз құдіретіңнің белгісімен, яғни осы Келісім сандығымен, бірге көтеріліп, (жер бетіндегі) тұрағыңа кіріп, оны ұдайы мекендей гөр. Уа, Құдайым Жаратқан Ие, діни қызметкерлерің әрдайым Сенің құтқаруыңды молынан қабылдап, басқаларға да жеткізсін! Өзіңе адал адамдарың жақсылығыңа қуанып шаттана берсін! О, Құдай Жаратқан Ие, Өзің тағайындаған патшаңнан бас тарта көрме! Қызметшің Дәуітке уәде еткен берік рақымыңды есіңде сақтай гөр». Келісім сандығы көшпен бірге жолға шыққан сайын Мұса былай деп сиынатын:— Уа, Ием, көтерілші, жауларың шашырасын,Өзіңді жек көретіндер алдыңнан қашсын! Келісім сандығын көтеріп алып жүргендер тоқтап тыныққан сайын Мұса былай деп өтінетін:— Уа, Жаратқан Ием, тұрақтай гөр қайтаИсраилдің сан мыңдағандарына! Ол тіпті өз құдіретін паш еткен сандығынХалқының жауларының қолына түсірді,Иә, Өзінің ұлылығының осы белгісінСол дұшпандарының қолдарына тапсырды!
Выбор основного перевода