Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Абессалом таңертең ерте тұрып алып, қала қақпасына апаратын жолда тұратын еді. Өзінің бір ісімен патшаның сотына жүгінуге біреу бара жатса, Абессалом оны шақырып алып: «Қай қаладансың?» — деп сұрайтын. Сол адам өзінің Исраилдің қай руынан екенін айтқанда, Оның балалары амандықтан аулақ жүр. Сотта оларды қыспақтайды, ал арашалайтын ешкімі болмайды. Жарлыны жарлы деп тонама,Бейшараны дау сотында қыстама! Балам, парасатты бол, мені қуантарсың,Сонда өзімді қорлағандарға жауап бере алармын. Зұлымдықты жек көріп, жақсылық жасауды ұнатыңдар! Қала алаңында сот жүргізгенде әділдікті орнатыңдар! Сонда Жаратқан Ие, Әлемнің Әміршісі Құдай, Жүсіптің үрім-бұтағының тірі қалғандарына рақымды болатын шығар.
Выбор основного перевода