Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Я, Құдайым, Саған сенім артамын.Қалдыра көрме мені масқараға,Әрі жол берме жаудың табасына. Саған сүйенген ешкім қалмайды ұятқа,Ал бекер сатып кеткендер болады масқара. Құдай осы қаланың ортасында,Ешқашан қозғалмайды да сол қала,Құдай көмегін береді таң ата. Әділ жан ешқашан шайқалмас,Зұлым жан өз елінде тұра алмас. Ақылмен еңбек еткен игілік табар,Жаратқанға сенім артқан бақытты болар. Тәкаппар адам дау-жанжал туғызар,Тәңір Иеге сенуші өркендейтін болар. Пендеден қорқуы адамға тұзақ құрар,Жаратқанға сенуші қауіпсіз болар. Сион шаһарына қараңдар, оның ішінде Құдай белгілеген мейрамдарымызды тойламақпыз! Сонда Иерусалимді өз көздеріңмен көресіңдер, ол аман-есен жатқан мекен болмақ. Қала қазықтары суырылмайтын, арқандары үзілмейтін, ешқашан да құлатылып, орнынан қозғалмайтын тұрақты шатырға ұқсамақ.
Выбор основного перевода