Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ием Өзіне бағышталғанды қорғап күзетеді,Ал зұлымдар қара түнекте өледі,Пенде өз күшімен жеңіске жетпейді. Әрі қорғап, өмірін аман сақтайды,Жаратқан оны елде жарылқайды,Жауларының еркіне беріп қоймайды. Ол жанымызды аман-есен қорғайды,Аяғымызды сүрінуден сақтайды. Періштелеріне Ол сен жайлы бұйрық береді:Қай жолмен жүрсең де, олар сені қорғап күзетеді, Сен аяғыңды тасқа соғып алмауың үшінҚолдарына көтеріп сені алып жүреді. (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын Сүлейменнің жыры.)Егер Жаратқан үйдің құрылысын жарылқамаса,Құрылысшылардың еңбегі түгелдей зая.Егер Жаратқан Ие қаланы күзетпесе,Қарауылшылар босқа тұрады күзетте. Сонда өмір жолыңда алаңсыз жүрерсің,Аяғың тайып, сүрініп те кетпессің, Өйткені Жаратқан Ие сүйенішің болар,Жүрген өмір жолыңда сені тордан сақтар. «Мен, Жаратқан Ие, оны күтіп баптаймын,Әрі суарып тұрамын әрдайым,Ешкім оған зиян жасамасын лайымДеп күні-түні күзетіп қорғаймын,
Выбор основного перевода