Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Қорқыныштан былай деп уайымдадым:«Сірә, Сенің назарыңнан тыс қалдым!»Бірақ Сен жалынған даусыма құлақ түрдің,Сиынған мінажатыма жауап бердің. Адамзат атаулы шығарған деміңдей,Атақты, атақсыз бәрібір бекердей,Таразыға бәрін салып көргенде,Жеңіл олар шығарған деміңнен де. Олар бір-бірін алдап, ешқайсысы да шындықты айтпайды. Тілдері өтірік айтуға машықтанған, күнә жасауларымен-ақ өздерін шаршатады. Жоқ, мүлдем олай емес! Керісінше, адамдардың барлығы бірдей өтірікші болса да, Құдай берген сөзінен таймайды. Бұл туралы Забурда мынадай сөздер жазылған: Осылай айтқандарыңның әділ екені көрінеді, Сен айыпталғанда жеңімпаз болып шығасың.
Выбор основного перевода