Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бұдан кейін Ол Мұсаның алдынан өтіп бара жатып былай деп дауыстады:«Жаратқан Ие! Жаратқан Ие!Құдай мейірімді де қайырымды,Тез қаһарланбайтын да өте рақымды.Құдай әрдайым сөзінде тұрады; Уа, Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие, Сен әділсің! Біз қырылудан аман қалған біраз адамбыз. Сенің алдыңда әбден кінәлі болдық. Осы істегеніміздің кесірінен ешқайсымыз Сенің алдыңда тұра алмаймыз. Ыбырайымның Өзіңе сенімді екеніне көз жеткізіп, онымен Келісім жасадың. Оған қанахандықтар, хеттіктер, аморлықтар, перездіктер, ебустіктер және гергестіктер қоныстанған жерлерді ұрпақтарыңа табыстаймын деп уәде еттің. Және Сен әділ болғандықтан, сол уәдеңді орындадың да. Иеміз әділ, Ол әділдікті сүйеді,Шыншыл жандар Оның бет-жүзін көреді. Ал Сен рақымды да қайырымды Құдайсың,Уа, Ием, Сен тез қаһарланбайсың,Шексіз Сенің мейірімің мен адалдығың. Уа, Құдай Иеміз, оларға құлақ салдыңӘрі кешірім беретін Құдайы болдың,Ал зұлым істерін жазалайтынсың. Жаратқан — мейірбанды да рақымды,Тез қаһарланбайтын, тым қайырымды. Жаратқанның бар жолдары әділетті,Иә, Оның күллі істері игілікті: — Уа, Жаратқан Ие, мен дауымды алдыңа салғанда, Сен әрқашан әділсің. Ал енді осы мәселелер жайлы Өзіңмен сөйлеспекпін: неліктен зұлымдардың өмірі табысты? Неліктен опасыздар алаңсыз жүріп өркендейді? Су атаулыға өктемдік жүргізетін періштенің былай дегенін естідім:«Уа, әрдайым бар және мәңгі болып келген қасиетті Жаратқан Ие, Сен әділсің! Сенің шығарған осы үкімдерің де әділ!
Выбор основного перевода