Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Пенделер, тағы да паңдана мақтанбаңдар,Ауыздарыңнан тәкаппар сөз шығармаңдар!Себебі Тәңір Ие бәрін біліп тұрады,Құдай істеріңе әділ үкім шығарады! Өзгелерді олар қорлап, жамандайды,Паңдана зәбір-жапа жоспарлайды. Көкті ауызымен иеленгенсиді,Жерге де тілімен билік еткенсиді. Сол мүйіздерге назар салғанымда, араларынан тағы бір кішкентай мүйіз шықты. Сонда оған орын босату үшін жаңағы мүйіздердің үшеуі түбімен жұлынып қалды. Осы мүйіздің адамдікіндей көздері және бөсіп мақтанған аузы болды. Сол патша Алла Тағалаға қарсы сөйлеп, Оған бағышталған адамдарды жәбірлеп қалжырататын болады. Ол Құдайдың Тауратта белгілеген мейрамдары мен заңдарын өзгертуге ұмтылады. Құдайға бағышталған жандар бір кезеңге, екі кезеңге және жарты кезеңге оның қол астына беріледі. Мазаларыңды алып жүргендер қауымдарыңнан біржола кетіп қалса етті!
Выбор основного перевода