Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Псалтирь
Параллельные места
Тәңір Иенің даналығы терең, құдіреті ғаламат зор. Оған қарсы шығып, содан аман қалған кім бар? Алдын ала ескертпестен-ақ, Ол тауларды орнынан жылжытады, қаһарланғанда оларды төңкеріп те тастайды. Хақ Тағала жерді сілкігенде, оның түп негізі де шайқалады. Ол күнге бұйрық берсе, ол ұясынан шықпай қояды, әрі жұлдыздарға әмір берсе, олар сәулесін шашпайды. Мінсіздерге Жаратқан күнде көз салады,Мұралық меншіктері мәңгі сақталады, Жаратқан Ие ізгі, басыңа қиындық түскен кезде Ол паналайтын қорғаның болады. Өзіне сенім артқандарды Ол жақыннан танып біледі. Мен «ізгі Бағушымын». Әкемнің Мені, Менің Әкемді жақсы білетініміз сияқты, Мен қарамағымдағыларды жақсы білемін, олар да Мені жақсы біледі. Солар үшін жанымды қиямын. Бірақ Құдайдың салған негізі берік тұрады, онда мына сөздер «мөрленіп» жазылған: «Иеміз Өзінікі болған адамдарын жақсы біледі» және «Иеміздің атын атап сиынатын әркім жамандықтан алшақтасын!»
Выбор основного перевода