Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Псалтирь
Параллельные места
Біліп қойыңдар, олардың аман-есендіктері өз қолдарында емес қой! Ал мен зұлымдардың мұндай ойларынан аулақ жүремін. Ол қылмыс істеушілермен серіктес болып, зұлымдармен бірге жүретін. Іс-әрекетімде сөздеріңе бағынам,Аулақ жүріп келем зорлықшының жолынан. Иемнен бір-ақ нәрсені сұрадым,Тек мынау ғана менің аңсағаным:Өмір бойы Оның үйінде болсам,Жаратқан Иенің көркіне қарасам,Ғибадатханасында ойланып-толғансам. Өйткені менің басыма күн туғандаОл тасалайды мені тұрағында,Жасырады өз құпия орнында,Аман сақтайды биік тау құзында. Қылмыскерлер жолына аяғыңды салма,Зұлымдардың соқпағымен жүретін болма! Әділ жан ешқашан шайқалмас,Зұлым жан өз елінде тұра алмас. Өркөкірек, паң адамды мысқылшыл дер,Асқан менмендікпен ол әрекет етер. Әжуалаушы адамдармен бірге отырып, сауық-сайран құрған емеспін. Қайта, Сен маған қолыңды қойып тағайындап, ерекше тапсырма бердің. Содан мен жалғыз отырып, (олардың күнәларына бола) ашу-ызаға кенелдім.
Выбор основного перевода