Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Патшаның көп әйел алуына да болмайды, әйтпесе оның жүрегі басқа жаққа бұрылып кетеді. Патша өзіне көп мөлшерде алтын-күмісті де жинай бермеуі керек. Алайда Сүлеймен көптеген шетелдік әйелдерге ғашық болды: перғауынның қызынан басқа оның моабтық, аммондық, едомдық, сидондық, хеттік әйелдері де болды. Себебі қартайған шағында әйелдері Сүлейменнің жүрегін бөтен тәңірлерге бұрып әкетті. Осылайша оның жүрегі әкесі Дәуіттің Құдай Иесіне толықтай бағышталған жүрегі сияқты болмады. Тіпті Исраилдің патшасы Сүлейменнің өзі (Жаратқан Иеге мойынсұнбайтын) сондай әйелдерге үйленгенінің кесірінен күнәға батқан жоқ па еді?! Басқа көптеген ұлттардың арасында ол сияқты патша болған емес. Құдай оны қатты ұнатып, бүкіл Исраил халқының патшасы қылып қойған еді. Алайда жат жұрттық әйелдері тіпті оның өзін де күнә жасауға еліктірді. Әйтпесе әл-күшіңнен құр қаласың,Жиғаныңды қатал жанға тапсырасың.
Выбор основного перевода