Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Песня Песней
1 2 3 4 5 6 7 8
Параллельные места
Рабиғаның Лабан деген ағасы бар еді. Лабан қарындасының жаңа сырғасы мен білезіктерін көріп, Рабиғадан бөтен адамның оған не айтқанын сұрап білді. Содан ол тездетіп су көзінде түйелердің жанында тұрған сол адамға қарай бет алды. Рабиғаның Лабан деген ағасы бар еді. Лабан қарындасының жаңа сырғасы мен білезіктерін көріп, Рабиғадан бөтен адамның оған не айтқанын сұрап білді. Содан ол тездетіп су көзінде түйелердің жанында тұрған сол адамға қарай бет алды. Оны:— Ей, Жаратқан Ие жарылқаған пенде, менімен бірге жүріңіз. Далада тұрып қалмаңыз. Мен үйді де, түйелерге орынды да даярлатып қойдым, — деп шақырып, үйіне алып барды. Лабан түйелердің жүктерін түсіртіп, алдарына сабан мен жем салдырды да, қызметшіге және оған еріп келгендерге аяқтарын жууға су әкелдірді. Қонаққа арналып дастарқан жайылып тамақ ұсынылды. Бірақ Ыбырайымның қызметшісі:— Мен келген шаруамды айтпай тұрып дәм татпаймын, — деді. Лабан:— Онда жұмысыңызды айтыңыз, — деп келісті. Сонда қонақ былай деп сөйлеп кетті:— Мен Ыбырайымның қызметшісімін. Жаратқан Ие қожайынымды молынан жарылқап, ол дәулетті де абыройлы адамға айналды. Жаратқан Ие оған көп қылып қой-ешкі мен ірі қара малын, алтын-күміс, құл-күңдерді, түйе мен есектерді сыйлаған. Қожайынымның әйелі Сара оған қартайған шағында бір ұл сыйлады. Қожайыным өзіндегі бар мал-мүлкін соған атады. Қожайыным маған: «Менің ұлыма әйелді бірге тұрып жатқан қанахандықтардың қыздарынан алып бермейсің. Қайта, менің әкемнің үйіне, өз туған-туысқандарыма барып, қалыңдықты сол жақтан алып келесің» деп бұйырып, осылай істеуге ант бергізді. Қожайыным маған: «Менің ұлыма әйелді бірге тұрып жатқан қанахандықтардың қыздарынан алып бермейсің. Қайта, менің әкемнің үйіне, өз туған-туысқандарыма барып, қалыңдықты сол жақтан алып келесің» деп бұйырып, осылай істеуге ант бергізді. Мен: «Егер қалыңдық маған ергісі келмесе ше?» деп сұрағанда, қожайыным маған былай деп жауап берді: «Мен көз алдында өмір сүріп келген Жаратқан Ие жолыңды болдыру үшін саған Өзінің періштесін ертіп жібереді. Осылай сен ұлыма әйелді өз туған-туысқандарымнан, менің әкемнің үйінен алып келе аласың. Сен туысқандарыма барып, олар қызын ұзатуға келіспесе, онда берген антыңнан босайсың». Содан мен бүгін су көзіне жеткенде былай дедім: «Уа, Жаратқан Ие, қожайыным Ыбырайымның сиынатын Құдайы! Жолымды оңғара гөр. Міне, мен осы жерде су көзінің қасында тұрмын. Су алуға бір бойжеткен келгенде, оған: құмыраңыздан кішкене су ішкізсеңіз екен деп айтайын. Егер ол маған: ішіңіз, мен түйелеріңізді де суарып берейін десе, сонда қожайынымның ұлына Өзің таңдаған қалыңдық сол қыз болып шықса екен деп Сенен тілеймін». Мен осы мінажатымды іштей аяқтамай тұрып-ақ, қала жақтан иығында құмырасы бар Рабиға келді. Ол су көзіне қарай төмен түсіп, су тартып алды. Мен одан: «Маған ішуге су беріңізші», — деп сұрадым. Ол тез иығындағы құмырасын түсіріп: «Ішіңіз, мен түйелеріңізді де суарып берейін» деді. Осылай су ішіп алдым, ол түйелерімді де суарып берді. «Кімнің қызысыз?» деп сұрағанымда: «Мен Нахордың Мылқадан туған ұлы Бетуелдің қызымын» деп жауап берді.Сонда мен оған сырға тағып, қос білегіне білезік салдым. Мұнан кейін өзіме жол көрсетіп, ұлына қожайынымның інісінің қызын таңдағаны үшін, қожайыным сиынатын Құдай — Жаратқан Иенің алдында иіліп ғибадат еттім. Енді сіздер қожайыныма мейірімділік пен адалдық көрсеткілеріңіз келсе, оны маған білдіріңіздер. Ал олай болмаса, оны да айтыңыздар. Содан мен не істеу қажет екенін білетін боламын, — деп құда түсуші сөзін тамамдады. Сонда Лабан мен Бетуел:— Бұл іс Жаратқан Иенің Өзінен шықты. Біз сізге не қарсы болып, не қостап түк айта алмаймыз. Міне, Рабиға көз алдыңызда, оны алып жүре беріңіз. Жаратқан Ие шешіп қойғандай, қызымыз қожайыныңыздың баласының әйелі болсын, — деп жауап берді. Қызметші осыны естігенде жерге дейін иіліп Жаратқан Иеге ғибадат етті. Содан кейін әкелген киімдері мен алтын-күміс әшекейлерін шығарып, Рабиғаға сыйлады. Оның ағасы мен анасына да құнды сыйлықтар ұсынды. Мұнан кейін қызметші және оған еріп келгендер ішіп-жеп, түнеп шықты. Таңертең тұрған соң, қызметші:— Маған қожайыныма оралуға рұқсат етіңіздер, — деп өтінді. Бірақ бойжеткеннің ағасы мен шешесі:— Қыз біраз күн бізбен бірге тұра тұрсын, айталық, он күндей. Содан кейін жолға шығарсыздар, — деп ұсынды. Алайда қызметші:— Жаратқан Ие сапарымды оңғарғандықтан, енді жолымнан қалдырмай, қожайыныма жіберіңіздер, — деп қоймады. Сонда олар:— Бойжеткенді шақырып, біліп алайық: ол бұған қалай қарар екен, — десті. Рабиғаны шақырып алып:— Мына кісіге еріп жолға шығуға дайынсың ба? — деп сұрады. Ол:— Иә, жолға шығуға дайынмын, — деп жауап берді. Сонда олар Рабиғаны және күтуші әйелін Ыбырайымның қызметшісі мен оның адамдарына ертіп жіберуге келісті. Туысқандары Рабиғаға бата беріп былай деді:«Қарындасымыз, сан мыңдағанҰрпақтардың анасы болғын,Жауларының қалаларынҮрім-бұтағың басып алсын!» Мұнан кейін Рабиға мен оның қызметші қыздары жолға жиналып, түйелеріне отырып, сол кісіге еріп кетті. Осылай Ыбырайымның бас қызметшісі Рабиғаны ертіп алып, келген еліне кері беттеді. Сол кезде Ысқақ Қанаханның оңтүстік аймағында тұратын. Ол «Қамқоршым — тірі Құдай» деген құдыққа дейін көшіп-қонып барып, қайтып келген еді. Бір күні кешке қарай ол далаға шығып, ойға батып отырғанда, айналасына көз тастап, келе жатқан керуенді байқады. Рабиға да Ысқақты көрді. Бойжеткен лезде түйеден түсіп, айналасына көз жүгіртіп, қызметшіден:— Далада бізге қарсы жүріп келе жатқан мына кісі кім? — деп сұрады. Ол:— Бұл — менің қожайыным, — деп жауап берді. Сонда Рабиға пердесімен бетін жауып алды. Қызметші Ысқаққа сапарында не істегенін түгел айтып берді. Ысқақ Рабиғаны өзінің марқұм анасы Сараның шатырына кіргізіп, оған үйленді. Қалыңдығы Ысқаққа қатты ұнады. Содан оның анасы қайтыс болғаннан кейінгі қайғысы сейілді. Саған даладағы өсімдіктей өсіп-өнуге жағдай жасадым. Сен өсіп, үлкейіп, керемет сұлу болдың. Қос анарың толысып, шаштарың өсіп, бой жеттің, алайда әлі де киімсіз жалаңаш едің.
Песня Песней
1 2 3 4 5 6 7 8
Выбор основного перевода