Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Песня Песней
1 2 3 4 5 6 7 8
Параллельные места
Даналық өзінің үйін салған еді,Оның жеті діңгегін қойған еді, Енді сусынын даярлап, малын сойды,Тамаша дастарқанын жайып қойды, Адамдарға қызметшілерін жұмсады,Олар қаланың биігінен жар салады: «Мұнда келіңдер!» деп шақырадыБар аңғалдарды және ақылсыздарды: «Кәне, келіп, дәм татыңдар асымнан,Ішіңдер дайындаған сусынымнан! Надандықты тастап, шынайы өмір сүріңдер,Лайым ақыл-парасат жолымен жүріңдер!» Мезгілде қастарынан сәл-ақ өткенКездестірдім жарымды жаным сүйген!Оны ұстап алып жібермедім,Анашымның үйіне алып келдім,Өз шешемнің бөлмесіне кіргіздім. «Сендерді құтқарушы Жаратқан Ие, Исраил сиынған Киелі Құдай, былай дейді: Мен, Құдай Иелерің, сендерге пайдалыны үйретіп, түзу жолмен бастап алып жүремін. Балаларыңның бәрі де Тәңір Иеден тәлім алмақ, әрі керемет амандық пен тыныштыққа кенелмек. Маған жақындап, айтқандарыма құлақ түріңдер! Сонда шынайы өмірге ие боласыңдар. Сендермен мәңгілік Келісім жасамақпын. Кезінде Дәуітке уәде еткен мызғымас рақымымды енді өздеріңе көрсетпекпін. Қайта, Менің кейінгі заманда Исраил халқымен жасайтын Келісімім мынадай болады: Мен өз тәлімімді олардың ақыл-саналарына дарытамын әрі жүректеріне «жазып» та қоямын. Мен олардың Құдайы, ал олар Менің халқым болады. Сонда ешкімге замандасы мен ағайынына: «Жаратқан Иені жақыннан танып біл!» деп үйретудің қажеті болмайды. Өйткені үлкенді-кішілі барлығы да Мені жақыннан танып білетін болады. Себебі Мен олардың әділетсіз істерін рақымшылықпен кешіріп, жасаған күнәларын бұдан былай есіме алмаймын. Пайғамбарлар жазбаларында «Бәрі де Құдайдан тәлім алмақ» делінген. Әкемді тыңдап, Одан тәлім алған әркім Маған келеді.
Песня Песней
1 2 3 4 5 6 7 8
Выбор основного перевода