Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8
Параллельные места
Сүйіктімнің даусы бұл, ол келе жатыр,Таудан асып екпіндеп келе жатыр! Тіл қатып маған былай деді сүйіктім:Тұршы, жаным, бірге жүрші, сүйкімдім! Көгершінім, жартастың жарығындаЖасырынған, шыңдардың арасында,Көрсетсеңші маған сұлу жүзіңді,Естиін мен сондай тәтті үніңді! Қымбаттым, сен тұтастай әдемісің,Жоқ тұла бойыңда ешқандай мінің! Жүрегімді тартып алдың, қарындасым,Бір-ақ көзқарасыңмен, уа, қалыңдығым,Бір ғана асыл тасымен алқаңның! Басы оның саф алтындай, шашы бұйра,Қарға, құзғынға ұқсап қап-қара. Ал көгершінім, мінсізім, айрықша өзі,Ол — шешесінің теңдесі жоқ жалғыз қызы,Өзін туған анасының таңдаулысы!Қыздар оны көргенде мадақтады,Патшайымдар, кәнизактар да мақтады.(Құрбылары:) Мен Исраилді жерге түскен шықтай сергітетін боламын. Сонда Исраил лалагүлдей жайнайды, әрі Ливан тауындағы самырсын ағаштарындай тамырларын тереңге жібереді. Міне, Мен есік алдына келіп, қағып тұрмын. Кімде-кім даусымды естіп, есік ашса, Мен оның жан дүниесіне еніп, онымен бірге «дастарқандас» боламын; ол да рухани нәр алып, Менімен тығыз байланыста болады.
Выбор основного перевода