Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8
Параллельные места
Әлеміңнің игілігіне тойдырасың,Өзеніңнің рақатына қандырасың. Кәне, жүр, таң атқанша бірге болайық,Махаббаттың ләззатымен сусындайық! Жүрегімді тартып алдың, қарындасым,Бір-ақ көзқарасыңмен, уа, қалыңдығым,Бір ғана асыл тасымен алқаңның! Қалыңдығым, балдай тәтті еріндерің,Бал мен сүттей тәтті асты тіліңнің!Хош иісі киімдеріңнің сеніңЖұпарындай Ливандағы самырсынның. Нард пен запыран, шайыр мен дәмқабықтың,Хош иісті таңдаулы ағаштардың,Мүр мен алоэдей дәмдеуіштердіңЖұпары аңқып тұр бақшаңнан сенің. Сүйгенім түсті бақшасына өзінің,Жүйектеріне жұпар шөптерінің,Бау-бақшада серуендеп жүру үшін,Жинамаққа өскен лалагүлдерін. Сион тауының басында Әлемнің Иесі барлық халықтарға арнап семіз ет пен жілік майынан, таңдаулы сусындардан мол дастарқан жайып, тамаша той дайындайды. «Ей, шөлдегендер, бәрің су көздеріне келіңдер! Ақшасы жоқтар да, келіп, тамақ алып жеңдер! Иә, келіп, шырын мен сүтті ақша төлемей-ақ тегін алыңдар! Нәрсіз тамақ үшін неге ақша төлейсіңдер? Өздеріңді қанағат қылмайтын нәрселер үшін неге еңбек етесіңдер? Мені мұқият тыңдап, рухани нәрді қабылдаңдар, ағыл-тегіл жақсылықтан жан рақатын табыңдар! Ол Исаға түнде келіп:— Ұстаз, Сіздің Құдайдан келген мұғалім екендігіңізді білеміз. Себебі Сіз жасаған керемет істерді Құдайдың қолдауынсыз ешкім де орындай алмайды, — деді.
Выбор основного перевода